Геннадий Головкин осы аптада Қазақстанға келмекші

WBA, WBC нұсқалары бойынша бокстан әлем чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин алдағы жоспарларымен бөлісті.

Геннадий Головкин

Әлем чемпионы бұл туралы Yahoo! Sports сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Мен ең алдымен Қазақстанға барамын. Содан кейін, келесі аптадан бастап дайындықты бастаймын мен отырмын. Үйге барып, достарымды, туыстарымды көргім келеді. Қазір бос уақытым бар. Ал, келесі аптадан бастап боксқа толығымен кірісуім керек », – деді Головкин Yahoo! Sports-қа берген сұхбатында.

Әлем чемпионы бұдан басқа алдағы жекпе-жек туралы айта кетіп, Сауль Альвареске қарсы басқа стратегия қолданатындығын жеткізді.

«Егер ол шабуыл жасаса, бұл өте жақсы. Себебі, жанкүйерлерге осындай бокс ұнатады. Сондай-ақ, менің алдағы күреске деген көзқарасым өзгерді. Қазір мен бұл айқасқа басқаша қараймын, менде басқа эмоциялар. Оған қоса менің стратегиям да өзгерді », – деді Головкин.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Саул Альварес арасындағы екінші жекпе-жек ағымдағы жылдың 15 қыркүйегңнде Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena» спорт кешенінде өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар