Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин Нұрмағомедовпен, Макгрегормен жекпе-жекке шығу туралы ұсынысқа жауап берді (видео)

Бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмағомедов және Конор Макгрегормен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

TMZ басылымының тілшісі Головкинді әуежайда кездестірген. Боксшының жанында ұлы Вадим болған. Экс-чемпион бақылаудан өтіп жатып, тілшінің сұрақтарына жауап берген.

GGG, қалайсың?
– Жақсы.

Келесі шайқасты кімге қарсы өткізесің?
– Әзірге білмеймін. Әзірге ойым жоқ.

Шынымен бе? Ойларың жоқ па? Кіммен шыққың келеді?
– Маңызды емес.

Шынымен бе?
– Иә.

Сен MMA-ден шыққан, мысалы, Хабиб немесе Макгрегор сынды спортшылармен жекпе-жекке шығар ма едің?
– Иә. Олар ұлы спортшылар. Мен жекпе-жекті көрдім. Жақсы жекпе-жек болды.

Нақтырақ айтқанда кіммен?
– Екеуімен де.

Расында да ма?
– Иә (күліп).

Ал ол қалай өтеді?
– Білмеймін. Ешкім білмейді (күліп).

Сен шынымен де Хабибпен немесе МакГрегормен жекпе-жекке шығар ма едің? Мүмкін, Ресейде?
– Мүмкін, неге өткізбеске?

Сен — аңыз адамсың. Жолың болсын.

Қазақстандық боксшының рингке оралуы 2019 жылдың алғашқы тоқсанына жоспарланған. Негізі, GGG-дың келесі қарсыласы ретінде Риота Мурата есімді боксшы қарастырылған еді. Бірақ ол 20 қазан күні америкалық боксшы Роб Брантқа жеңіліп қалып, орта салмақтағы WBA Regular дәрежесінен айырылып қалды.

 

Талқылау