Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин Қарағандыда көмір байыту өндірісін ашатын болды

Боксшы кәсіпқой рингтегі табысын Қазақстан экономикасына жұмсамақ. Оның қатысуымен Қарағандыда көмір байыту өндірісі ашылады.

головкин

Сурет dixinews.kz

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Сонымен қатар, құрылтайшы ретінде жергілікті кәсіпкерлер мен “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры да атсалыспақ. Жаңа өндіріс негізінде 150 тұрақты жұмыс орыны ашылады. Фабриканың жобалық қуаттылығы бойынша жылына 500 мың тонна көмір өндірілмек. Ал жаңа өндірістің таныстырылымы 5 шілдеде өткізілмек. Бұл күн де бекер таңдап алынбаған екен.

“Идея Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен кейін пайда болды. Ол кісі: “Барлығын құлат та, сосын елге орал” деген еді. Яғни, Президенттің айтуымен мен Қазақстанға инвестиция салып жатырмын деп айтуға болады. Өз отаның үшін әркез жақсы нәрселер жасау керек”, – дейді WBA, IBF, WBC версиялары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин.

Оқи отырыңыздар:

Геннадий Головкинге Астанадан пәтер сыйға берілді

Қарағандыға Головкин мен шетелдік арнаның түсірілім тобы келді

Қайрат Нұртас өз денсаулығына Головкиннің алаңдап жүргенін айтты

Талқылау