Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин Джейкобспен болатын жекпе-жекке қалай дайындалып жатыр (фото)

WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы өткізетін жекпе-жекке дайындықты бастап кетті.

photo_72678

Калифорниядағы Big Bear жаттығу лагеріне Головкин 3 қаңтар күні келген. Осы уақытқа дейін 7 желтоқсаннан бастап ол демалыста болған.

photo_72710

Ал ол уақытта Джейкобс жаттығу жұмыстарын үзбеген екен. Америкалық үш бірдей атақты боксшымен спарринг-серіктес ретінде дайындалып жатыр. Оның дайындығына украиналық 28 жастағы Евгений Хитров (14-0), 37 жастағы грузин Автандил Хурцидзе (32-2-2) және 31 жастағы украиналық Сергей Деревянченко (9-0) көмектесіп жатыр.

photo_72709

Ал америкалықтың бапкері Андре Розье болса, өз шәкіртінің Головкинмен болатын кездесуге 195 пайыз дайын екенін айтыпты.

Головкин-Джейкобс кездесуі 18 қаңтарда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. АҚШ-та бұл жекпе-жекті PPV ақылы транслияциясы арқылы HBO телеарнасынан көрсетеді.

photo_72711

34 жастағы Головкин өзі қатысқан 36 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен. Оның 33-і нокаутпен аяқталды. 29 жастағы Джейкобс 32 жеңіс, 29 нокаут, 1 жеңіліске ие.

Оқи отырыңыз:

Әлемге әйгілі желаяқ Усейн Болт бүкіл жүлделерінен айырылып қалуы мүмкін

Мейвезер: Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді

Қытайлық клуб Роналду үшін 300 млн еуро ұсынды

Сәбина Алтынбекова Ақтөбеде өзінің жеке волейбол клубын ашпақ

Талқылау