Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин Денис Теннің анасына қолдау көрсетті

АҚШ-тан ұшып келген Геннадий Головкин жаназада Денис Теннің анасы Оксана Теннің қасында отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Боксшы қайғылы жағдайда қаза тапқан Денис Теннің жанұясына қолдау көрсету үшін Сауль Альвареспен кездесуге арналған жаттығу жұмыстарын тоқтатты.

Денисті Дружба ауылында орналасқан мазарға, апасының қасына жерледі. Олимпиада ойындарының  қола медаль иегерін, халық сүйіктісін соңғы сапарға жұрт қол шапалақтап шығарып салды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді бұзақылар пышақтап кеткен болатын. Кейіннен, ауыр жағдаймен ауруханаға түскен спортшының жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланды.

Талқылау