Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин Астанаға келді

Белгілі боксшы Геннадий Головкин Астанаға келді. Қазақстанның намысын әлем елдері алдында қорғап жүрген азаматты көпшілік құрметпен қарсы алды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан тәуекелге бел буып келген батырды Астаналықтар қазақы дәммен қарсы алды.

d93220140127b6cfa1a9b5ad9d8e04e5

Тұрар Қазанғаповтың суреті

photo_176177

Тұрар Қазанғаповтың суреті

“Баспасөз мәслихатына Геннадий Головкин «Цеснабанктың» әлеуметтік және қаржылық жобасының белді мүшесі ретінде қатысады. Алдағы уақытта «Цеснабанк» АҚ пен Халықаралық «MasterCard» төлем жүйесінде қазақстандық боксшының суреті мен қолы қойылған банк карточкалары шығады. Кез келген жанкүйер сүйікті боксшысының бейнесі салынған банк карточкаларын ала алады”, – деп жазады today.kz.

dd87d4209bc7aff709a126f9ff1fb359

Тұрар Қазанғаповтың суреті

29 қаңтар күні Геннадий Головкин Алматыда баспасөз мәслихатын өткізеді. Тілшілермен өтетін кездесуде боксшы «Samsung Electronics» компаниясымен арадағы ынтымақтастық келісім туралы айта кететін болады.

f7263fd83eafb9a0716a651fa96d576d

Тұрар Қазанғаповтың суреті

 

 

Талқылау