Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Генерал Панфиловтың шөберелері 7 жылға сотталды

Астана қаласында генерал майор Иван Панфиловтың шөберелері алаяқтық жасағандары үшін сотталды. Алматы ауданы сотында Әлібек Әбдрахманов, Ақмарал Шамғалиева, Ержан және Асқар Бірімжановтарға қатысты сот үкімі шықты. Соңғы екеуі Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованың балалары.

20170215141421

Фото: ҚазАқпарат

Бұл туралы ru.sputniknews.kz басылымы хабарлайды.

Сотталғандардың қорғаушысы олардың ҚР Қылмыстық кодексінің 4-тарау 190-бабына сәйкес, топпен қылмыс жасағандары үшін айыпталып отырғандарын айтты. Бұдан өзге, Бірімжановтарға ҚР Қылмыстық кодексінің 4-тарауының 389-бабына сәйкес, тағы да бір айып тағылып отыр. Қорғаушының айтуынша, Әлібек Әбдрахманов пен Ақмарал Шамғалиева 6,5 жылға, Ержан мен Асқар Бірімжановтар 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Сот отырысы кезінде Алуа Байқадамова барынша ұлдарын қорғап қалуға тырысты. Айтуынша, ұлдары Астанадағы пәтердің жөндеу жұмыстарына арналған қаражатты жымқырғандары үшін айыпталып отыр. Бірақ, сот үкімімен келіспеген айыпталушылар тағы да арызданатындарын жеткізді.

Естеріңізде болса, бірнеше ай бұрын Алуа Байқадамованың қызын Панфилов көшесінде көлік қағып кеткен болатын. Қыз жарақаты ауыр болмағандықтан, ауруханаға барудан бас тартқан.


Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев шетел инвесторларына ақшаны қайда салу керектігін айтты

Депутат Хаменова: Мен де елбасын жақсы көрем

Қыдырәлі Болманов ең өнерлі 5 шенеунікті атады

Жарнамадағы әдепсіздіктерге алаңдаған депутат “Просто Мария” киносын мысалға келтірді

Талқылау