Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Генадий Головкиннің келесі кездесуі туралы ресми түрде хабарланды

WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Генадий Головкин өзінің келесі кездесуі туралы ресми жария етті.

ggg

Сурет ibirzha.kz сайтынан алынды

Жекпе-жек Лос-Анджелесте өтпек. “Бұл ресми ақпарат. Мен “Форум” аренада 23 сәуір күні Доминик Уэйдпен кездесемін”, – деп жазды Головкин өзінің твиттерінде.

ыаыа

“Форум” аренасында жұдырықтасатыным үшін қуаныштымын. Калифорниядағы менің фанаттарым мен достарымның алдында өнер көрсету мен үшін құрмет. Уэйд – өте ынталы боксер, сондықтан мен шаршы алаңда тартысты жекпе-жек өткіземіз деп ойлаймын”, – деп атап өтті боксшы инстаграмда.

Уэйд IBF титулына ресми үміткер саналады. Алдымен Головкин үшін негізгі қарсылас ретінде Туреано Джонсон аталған. Кейінірек багам аралдарының өкілі жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан еді.

25 жастағы Доминик Уэйд кәсіпқой рингте 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 12 кездесуді нокаутпен жеңді. Ал қазақстандық Генадий Головкин өзінің кәсіпқой шаршы алаңдағы 34 кездесуінің барлығында қарсыластарынан айқын басымдылықпен жеңіске жеткен.

Талқылау