Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Генадий Головкиннің бапкері Абель Санчес «Жылдың үздік бапкері» номинациясын жеңіп алды

Америкалық журналистер қауымдастығы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің (34-0) бапкері Абель Санческе жылдың үздік бапкері атағын берді.

abelsanchez

Сурет allboxing.ru сайтынан алынды 

Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлайды.

«Біз биыл жақсы жұмыс істедік. Бұл атаққа лайық менен де өзге кандидаттар бар, дегенмен, биыл үздік бапкер ретінде мені таңдап алыпты. Бұл мен үшін үлкен құрмет және қуаныш! Бұл атақ алдағы уақытта бұдан да қарқынды жұмыс істеуге ынталандырып отыр», – дейді Абель Санчес.

Айта кету керек, отандасымыз Геннадий Головкинді бірнеше жылдан бері жаттықтырып келе жатқан Абель Санчес 2015 жылы азулы қарсыластары – британиялық Мартин Мюррей, америкалық Вилли Монро және канадалық Давид Лемьеге қарсы дұрыс айла-тәсіл қолдануды үйретті.

Естеріңізге саламыз, 33 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы келесі жекпе-жегін 23 сәуірде Лос-Анджелестегі «Форум» аренада 25 жастағы америкалық Доминик Уэйдке қарсы өткізеді.

Талқылау