Геннадий Головкин Қарағандыда мектеп оқушыларына тосын сый жасады (фото)

Бейсенбі, 4 Ақпан , 2016 8:37

Қазақстандық боксер туған жеріндегі орта мектепке барып, балғындарға тосын сый жасады.  Бұл туралы stan.kz  сайты хабарлайды.12628597_920496614712156_8284008954453559445_o

Генадий Головкин №76 Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектепке күтпеген жерден бас сұққан. Ол білім ордасына құр қол келмепті. Бокс үйірмесінің қатысушыларына әлем чемпионы қолғаптар және басқа да керек-жарақтарды сыйға тартқан. Даңқты боксшы жас спортшыларға жетістікке жету үшін өз бапкерлерін мұқият тыңдауын және өздеріне сену керектігін айтты.

Головкин өзінің мектепке баратыны туралы журналистерге жария етпеген. Бұл туралы Ботабек Тілегенов фейсбуктағы парақшасында айтқан.

“Головкиннің мектепке келгенін маған бір мұғалім айтты. Ол маған сонда барып, суретке түсіруімді сұрады. Мен дереу мектепке жеттім. Ал ол жерде ешқандай БАҚ өкілі болған жоқ”, – деп жазды Тілегенов.

№76 мектеп Қарағандыдағы Головкин туып-өскен Майқұдық ауылында орналасқан. Ал боксшының өзі №65 мектепте білім алған.

Головкин бұдан бұрын Алматы мен Астанада болған еді. Спортшы жарнамалық келісімге қол қойған. Сондай-ақ, Астана қаласында өткен “Нұр Отан” партиясының кезектен тыс съезіне де қатысты.

12694739_920497118045439_515935263849349259_o

1454497145334

1454497145432

1454497145473

1454497145500

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар