Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Расымен де “Гематоген” пайдалы ма?

Гематоген балалық шақтан бері сүйікті тәттіміздің біріне айналған. Бұл тәтті тек қана дәмді ғана емес, сонымен қатар ол қаннан жасалғандықтан оның пайдасы көп. Осы аңызда қаншалықты шындық жатыр? Сонымен қатар, бұл тәтті ағзадағы темір деңгейін көтеріп, денсаулықты жақсартуға көмектеседі дегені де қаншалықты рас?

Гематоген

 

19 ғасырдың соңында Швейцарияда ойлап табылған алғашқы гематоген сұйық болған. Оны ірі қара мен жұмыртқа сарысының қоспасынан әзірлеген. Осындай «вампир» препарат  темірдің жетіспеушілігінен зардап шеккен науқастарға күш беруге арналған.

Бұл микроэлемент қанға оттегіні жеткізуге мүмкін беретін болғандықтан өте маңызды болып табылады. Темірдің жетіспеушілігінен дене әлсірейді. Соның нәтижесінде адамның иммунитеті төмендеп, өңі бозарып, сондай-ақ созылмалы шаршау пайда болып, басы айнала бастайды.

Ағзаға күш бері үшін гематогенді Кеңес Одағында да өндіре бастады. Ыңғайлы болу үшін олардың пішінін өзгерткен болатын. Технологиялық нұсқасында – альбумин деп жазылғанымен, оның негізі қаннан жасалынады. Оның құрамында темірмен қаныққан эритроциттер бар.

Бірақ пайдалы альбумин бұл тек тәттінің 5% -ы ғана, шамамен екі грамм екенін бәріміз білуіміз керек. Ал қалған масса гемотогенге тәтті дәм беру үшін қосылған. ГОСТ бойынша, жалпы салмақтың 30% -ы қант қосылған қою сүт, сондай-ақ дәл осы мөлшерде крахмал, ванилин және құмшекер қосылған. Яғни, іс жүзінде, гематоген – бұл төрттен көп бөлігі қанттан тұратын десерт.

Қанттың ерекше мөлшерін ескере отырып, темірді ет пен бауырдан алу пайдалы болмақ. Мысалы, шошқа етінінен 100 грамнан 23 мг-ға дейін темір алуға болады. Дәл осы мөлшерде тәтті гематогеннің құрамында 7-13 миллиграм ғана темір бар.

Сонымен қатар, теңіз қырыққабаты, соя, қарақұмық, жасымық, көкжидек секілді өсімдік өнімдерінде де темір бар. Бірақ еттен ғана ағзаға қажетті күшті алуға болады. Өсімдік өнімдерінің сіңуін арттыру үшін оларды С витаминімен байыту керек. Мысалы, қарақұмық жармасына тәтті бұрыш немесе тофу ірімшігімен  көкөніс салатын жасап жеу керек.

Гематогеннің құрамында күш беретін темір бар деген аңызбен оны тұтынуға болмайды. Оған кәдімгі кәмпиттер секілді ешқандай артық пайдасы жоқ десерт ретінде қарау керек.

Айта кетерлігі, гематогеннің көптеген түрлерінің арасында еш айырмашылық жоқ. Шоколад, карамель немесе жаңғақ дәмімен таңдау әркімнің өз талғамына ғана байланысты. Ең бастысы – оның пайдасы бар деген ойдан аулақ болыңыз.

Оқи отырыңыз:

Резеңке үйректер денсаулыққа қауіпті болып шықты

Қол кептіруге арналған құрылғының бактерия тарататыны белгілі болды

Ерекше құбылыс: АҚШ-та дәрігер науқастардың ауруын өз денесімен сезіне алады

Ғалымдар адам миының үнемі жаңартылып отыратынын анықтады

Талқылау