Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

 «Гелиос»-тың көлік жуу бекетінде ұрланған көлік оқиғасына қатысты жаңа деректер белгілі болды

«Гелиос» компаниясына тиесілі көлік жуу бекетінде ұрланған көлік оқиғасына тағы бірнеше адамның қатысы болуы мүмкін. Олардың барлығы «Гелиос» компаниясының штаттағы қызметкерлері. Бұл жайлы сот отырысы кезіне айыпталушылар айтып берді.

kolik-zhuuu

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Айыпталушылардың бірі Айбек Жұматаев бір жарым жыл бұрын «Гелиос» компаниясында ресми түрде жұмыс істегенін айтады. Ал, компания өкілдері мұны жоққа шығарған болатын. Оны қамауға алғаннан кейін 15 күннен кейін жұмыстан шығарған. Екінші айыпталушы Нұрсұлтан Тұрлыбеков те компанияда қызмет еткенін, алайда ол компаниның бұрынғы жұмысшының құжаттарымен жұмыс істеген екен.

«Мен көлік жуу бекетіде 3-4 ай жұмыс істедім. Компания басшылығы маған бұрынғы қызметшісінің құжаттарымен жұмыс істей алатынымды айтты. Бұрынғы жұмысшысы жұмыстан кетсе де, еңбек кітапшасы мен банк карточкасын алмаған екен. Берік есімді менеджер менің сол жұмысшының орнына жұмыс істеуімді ұсынды. Зейнет қоры сол жігіттің атына жіберілді, ал жалақыны мен алып тұрдым», – дейді айыпталушы Нұрсұлтан Тұрлыбеков.

Жәбірленушілер егер айыпталушылар 1,5 миллион теңге өтемақы төлесе, уақытша келісімге келетінін айтады. Алайда, мұндай соманы айпталушылардың өтеуі қиынға түсетіні белгілі. Екі азамат та отбасын асырап отырған жандар. Жол көлік оқиғасы кезінде айыпталушылардың бірі аталған компанияда ресми түрде жұмыс істеген. Ал, заң бойынша жұмыс беруші де болған жайтқа қатысты жауап беруі тиіс. Мұның қалай болары келесі сот отырысында белгілі болады.

Бұған дейін Гелиос”-ке тиесілі көлік жуу бекетінде көлік ұрланғанымен компания жауап беруден жалтарғанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау