Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Gelandewagen жүргізушісінің ісі тоқтатылғаны туралы ақпарат тарады. Полиция жауап берді

Желіде Алматының орталығында жантүршігерлік жол апатына себеп болған Ілияс Карға қатысты істің жабылғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты қалалық полиция департаменті пікір білдіріп, ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Gelandewagen жүргізушісінің ісі тоқтатылғаны туралы ақпарат тарады. Полиция жауап берді

«Қылмыстың істің тоқтатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, азамат Карға қатысты іс соттың қарауында. Ол тұтқындалғаннан бері қамауда отыр.

Сонымен қатар азаматтарды ресми дереккөздер таратқан ақпаратты ғана басшылыққа алуды, өсек-аяң мен жалған ақпаратты таратпауға шақырамыз», – дейді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ, құқық қорғаушылар БАҚ және басқа да ақпараттық-коммуникациялық жүйелер арқылы жалған ақпарат таратқандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Еске сала кетсек, 29 желтоқсанда Алматыдағы Сейфуллин және Абай даңғылдарының қиылысында жол апаты орын алып, салдарынан 3 адам мерт болған еді. Олардың ішінде актриса Шолпан Елгезекова да бар. Дәл осы көлікте отырған актриса Айзада Сатыбалдиева ғана аман қалып, ауыр жарақатпен аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді.

Бұған дейін Ілияс Кардың ісі сотқа жіберілгені хабарланған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр