Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Газманов эротиканың табысты хобби екенін айтты (фото)

Олег Газманов кіші ұлының эротикалық суреттері жұртты шулатты. Филипптің өзі дәл қазір модель болғысы келмейтінін, мақсат-мұратының мүлдем басқа екенін айтты.

image

Олег Газмановтың ұлы өзінің эротикалық фотосессиясына қатысты көптеген сұраққа жауап берді. Филипп Петербург фотографы Александр Мавринмен серіктестігі тәжірибе беріп қана қоймай, көп табыс табуға көмектескендігін айтып өтті.

“Дәл қазір мен тынбай білім алып, жаттығу залына барып жүрмін, сондықтан өзіме келіп түскен барлық сұраққа жауап бере алмаймын. Менің бар назарым оқу мен жаттығуға бағытталған, ал мұндай фотосессия – табысты хоббиім. Марвин – фотограф-маркетолог. Оның әрбір моделі өз алдына қайталанбас тұлғалар. Ол ресейлік нарыққа мүлдем қызықпайды, оны әлем нарығы қызықтырады. Ал жазылатын пікірлер ол өзгелерге тиесілі, сондықтан мен еш назар аудармаймын”, – дейді Газмановтың ұлы.

OeF7xV8SzXgj6lKuFjoZ33Fbbe6Z3o

12328440_1715593508697879_90524255_n

Филипп Газманов осы уақытқа дейін өзінің Instagram парақшасына эротикалық суреттерін салып, жанкүйерлерін қуантқан болатын.

12783941_238162483187588_1269344414_n

12819093_821717337956541_2037669130_n

1

1

Мұнымен қатар, бұл суреттер Mavrin Models Петербург агенттігінің каталогына жарияланған. Аталған агенттік негізінен эротикалық түсірілімдермен айналысады.

1173083_1522222248082868_1282754089_n

12383440_1290360277664493_393721503_n

12797871_1554102334899849_634792313_n

Жігіттің анасы баласы үшін дәл қазір білімнің бірінші орында тұратындығын айтады. “Дәл қазір Филипп үшін бірінші орында оқу тұрады. Ол күн-түн демей оқып, ЖОО-ға түсуге дайындалып жүр. Мұнымен қатар, бизнес пен суреттің арасында елігіп жүрген жайы бар. Біз оған қысым көрсетіп жатқан жоқпыз. Мұндай суреттерге түсу үшін ол, әрине, регбимен, еркін күреспен және өзге спорт түрлерімен айналысады әрі мұның барлығы өзінің мінезін қалыптастыру үшін керектігін айтады. Мен өзімнің балаларымды мақтан тұтамын. Филипп шылым шекпейді, ішімдік ішпейді, өтпелі кезеңнен де сүрінбей өтті, қазір жол жүру куәлігін алуға дайындалып жүр. Ол картина да салады. Оның Англиядағы мектебінде көрме болған. Баламның  суретін өзге балаларға көмек болу үшін сатқан. Егер жұмыр денесін көрсетіп, қыздар “Ооо” деп шулайтындай әрекеттерге барып жатса, мен еш қарсылық танытпаймын. Филипп порномодель болғалы жүр деп жазып жатыр. Бұл салауатты өмір салтын ұстанатын жігітке лайық теңеу емес деп білемін”, – дейді Марина Газманова.

Филипп бүгінгі таңда ЖОО-ға тапсыруға қызу дайындық жүргізіп жатыр.

Талқылау