Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғажап өмірім: Серік Ибрагимов үйленгеннің пайдасын клип арқылы жеткізді (видео)

Иә, отбасын құрып, отағасы атанғалы Серік Ибрагимовтің өмірі түбегейлі өзгерді. Әрине, тек жақсы жағына қарай. Қазір оның ел-елді аралап келгенде асын әзірлеп, шайын дайындап отыратын айдай сұлу келіншегі бар. Шаршағанды ұмыттыратын, жұмақтың исі аңқитын періштедей сәбиі де әркез әке құшағын күтіп отырады, деп жазады Stan.kz.

уйлендім мен 290817

Күлімсіреп жүріп, әркез айналасына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын Серік бұл жолы да әдетінен танған жоқ. Ол үйлі-баранды болудың пайдасын позитивті нотада, көңілді бейнебаян арқылы жеткізді.

Әншінің су жаңа туындысы “Үйлендім мен” деп аталады.

“Үйлендім мен, ғажап өмірім, тасып көңілім шаттанады”, – деген Серік бұдан кейін бойдақ жігіттерге көп созбай, отбасылы болуға кеңес береді.

Жіберіп алмаңыз:

Баянның кіші қызы әртүрлі бейнеде торт әзірлеп, жұртты таңдай қақтырды (фото)

Қызылордада тағы бір Төреғали Төреәлі дүниеге келді (фото)

Ақбота Керімбекова ата-енесімен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Мейрамбек Бесбаев қандай бағдарламаның тізгінін ұстады? (видео)

Талқылау