Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гавай аралдарында аспаннан бағалы тастар жауды (фото)

Гавай алдарында Килауэа жанартауы атқылап, салдарынан аспаннан бағалы тастар жауған. Бұл жерде оливиндер – яғни жасыл түсті минералдар жайлы айтып отырмыз.

Гавай аралдарында аспаннан бағалы тастар жауды (фото)

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бағалы тастар тау жыныстарынан, көшелер мен жағажайлардан табылды. Жергілікті тұрғындар бұл құбылысты асыл жаңбырға теңеп, “табиғат ғажайыбының” дәлелі деп атады.

Ал геологтар болса, гавайлықтардың аяқ астынан бағалы тасқа ие болуын Килауэа жанартауымен байланыстырып отыр.

Гавай аралдарында аспаннан бағалы тастар жауды (фото)

Оливиннің бұл жасыл түрін жұрт хризолит деп атап кеткен. Басылымның хабарлауынша, ғасырлар бойы жергілікті халық бұл тастан әшекей-бұйымдар жасап келеді екен. Оның бір каратының құны – 450 долларды құрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау