Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғашығына 148 рет ұсыныс жасаған батыл жігіт (видео)

38 жастағы Рэй Смит есімді ғашық жігіт сүйіктісіне 148 рет үйленуге ұсыныс жасапты. Ер адам 5 ай бойы сезімін білдіруден жалықпаған көрінеді. Осы уақыт аралығында «Жұбайым боласың ба?» деген жазуы бар қағазды ұстап, сүйіктісі екеуінің суретін түсіріп келіпті.

ғашық

Бұл туралы 24.kz. хабарлайды.
«Әуел баста романтикалық ұсыныс жасаймын деген ниетпен әуе шарында осы сөздерді жазбақ болдым. Алайда жуық арада әке атанатынымды естігенде, ойымда жаңа ой жылт етті», – деп ағынан жарылды Смит.
Ең қызығы, қалыңдығы 33 жастағы Клэр Брэмли ештеңені аңғармапты. «Ұмытылмас сәттерді мәңгілікке есте қалдыру үшін осынша көп суретке түсіретін болар деп ойлап келдім», – дейді жас ана.

Талқылау