Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ғашықтар туыс екендерін ата-аналарымен кездескенде бір-ақ білді

Бойжеткен 5 ай бойы кездесіп жүрген жігітінің өзіне қандас туыс екенін ата-аналарымен болған кешкі ас үстінде бір-ақ білді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғашықтар туыс екендерін ата-аналарымен кездескенде бір-ақ білді

Бойжеткен бұл туралы Reddit желісінде айтып берді. Ол жігітімен Hinge деп аталатын танысу қосымшасында танысқан. Келбетті келген жас жігітті өзінің нақ сүйері деп қабылдаған қыз оған тез ғашық болып қалған. Сөйтіп, олар бір-бірін ұнатып, кездесе бастады. Ақыры, бес айлық қарым-қатынастан кейін, ғашықтар бір-бірінің ата-анасымен танысуға шешім қабылдайды.

Осылайша, олар ата-аналарын мейрамханаға шақырады. Шындық тек, қыздың әкесі баланың анасына сәлем беру үшін орнынан тұрғанда кезде бір-ақ ашылды. 

«Ол немере қарындасын көргенде, бірден бозарып кетті. Біраз уақыттан кейін ол да әкемді таныды», - дейді бойжеткен туыстарымен болған кездесу туралы.

Олардың отбасы бір-бірінен алыс тұрғандықтан, туыстар ұзақ уақыт бойы бір-бірін көрмеген екен. Нәтижесінде, бойжеткен жігітімен айырлысып кетті. Өйткені, оның отбасы діндар адамдар болып шыққан. Қыздың айтуынша, сүйіктісімен айырылысу оған қиын және өте ауыр болған.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр