Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғарышта бір жыл болған астронавттың бойы 4 сантиметрге өскен

Ғарышта 340 күн болған Скотт Келлидің дене бітімі өзгерген. Аериканың астронавты Скотт Келли 2 наурызда ХҒС-нан Жерге оралған.

0183

Сурет: wordyou.ru 

Арада бірнеше күн өткен соң оның егізінің сыңары – Марк ғалымдарға Скоттың бойы өзгергенін хабарлаған.

Ұшырылымға дейін Марктың айтуынша, егіздердің дене бітімдері бірдей болған. Скотт туған қаласы Хьюстонға келгенде анықталғандай, ол ғарышта болған шақта омыртқалары 4 сантиметрге созылған. Алайда арада екі күн өткен соң егіздердің бойлары «теңесіпті».

Ғалымдар ағайынды Келлилерді тексеріп, егіздерге қоршаған ортадағы өзгерістердің қалай әсер ететінін түсінуге тырысып көрмек.

Талқылау