Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Юрий Гагарин: әлемдегі алғашқы ғарышкердің өмірі қалай қалыптасты

Ғарышқа сапар жасаған ең бірінші адам, КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері Юрий Гагаринді әрқайсысы мектептен біледі. Гагарин – ғарышты көрген ең тұңғыш адам. Ұлы ғарышкер тек КСРО халқы үшін ғана емес, шетелдік қалалардың құрметті азаматы болған халықаралық қоғам қайраткері. Юрий Алексеевич ғарышты зерттеудің жаңа парағын ашып, кеңестік ғылым мен авиация дамуының символы болған ұлы ғарышкер, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ғарышқа ұшқан алғаш адам: Юрий Гагариннің өмірбаяны

Юрий Алексеевич Гагарин 1934 жылы 9 наурызда КСРО-ның батыс аймағындағы қазіргі Гагарин ауданының Клушино ауылында дәулетті шаруаның отбасында дүниеге келген. Ол төрт баланың үшіншісі болды. Болашақ ғарышкердің балалық шағы жайшылықты және қуанышты өтті, әкесі мен анасы оған көп көңіл бөлген. Әкесі Алексей Иванович қолөнермен айналысқан ағаш ұстасы болды және балаларын да өсы өнерге баулыды. Ал анасы Анна Тимофеевна фермада жұмыс істеген. Жалпы, Гагариннің отбасы айтарлықтай молшылықта өмір сүрді.

Юрий Гагарин мектепке 6 жасында барды, бірақ ол бірінші сыныпты бітіре салысымен Ұлы Отан соғысы басталып кетеді. Сонда неміс әскерлері КСРО аумағының бір бөлігін басып алып, Гагарин тұратын Клушино ауылына да жетеді. Сол себептен көптеген мемлекеттік мекемелердің, соның ішінде мектептердің жұмысы тоқтатылды. Фашистер бүкіл Гагарин отбасын үйлерінен қуып шығып, артқа шегінетін кездерінде ауыл жастарын, соның ішінде Юрийдің ағасы мен әпкесі тұтқынға алып кетеді.

1943 жылы Қызыл әскер Клушинаны жау қолынан босатады, бірақ болашақ ғарышкердің отбасы енді онда өмір сүргілері келмеді. Содан Гагариннің отбасы Гжатсқа көшіп келіп, Юрий жергілікті мектепте оқуын қайта жалғастырады.

Болашақ ғарышкер өте білімқұмар бала болғандықтан, ол барлық пәндерді оқуға қызығушылық танытты. Ол өте талантты оқушы болды, мектептегі сабақтардан бөлек музыка мен фототүсіру өнеріне қызығып, жақсы көрді.

1949 жылы Юрий Гагариннің өміріне бұрылыс әкелген оқиға болды. 6 сыныпты бітірген Юрийге Гжатктағы өмір біртұтас көрініп, ол Мәскеуге кетуге шешім қабылдайды. Ата-анасы ұлының бұл сапардан бас тартуы үшін бар күшін салғанымен, одан еш нәтиже шықпады. Осылайша, 1949 жылы, 15 жасар Юрий Гагарин Ресей астанасына көшіп кетеді. Мәскеуге келген Гагарин туыстарының үйінде тұрады. Онда Юрий жұмысшы жастар мектебінде 7-сыныптың бағдарламасымен қатар, қолөнер училищесінде оқып, баскетболға шындап қызығушылық таныта бастайды. Сөйтіп, баскетболға қатты қызыққан Гагарин жаттығуларға барып және көп ұзамай капитан болады.

1951 жылы жас Гагарин Саратовқа көшіп, оқуын өнеркәсіптік техникумда жалғастырады. Бір қызығы, дәл осы қалада Юрий алғаш рет аспанмен танысады. Үш жылдан кейін, 1954 жылы Гагарин аэроклубқа кіріп, ғарыштың негізін қалаушылардың баяндамаларын оқыды. Циолковскийдің баяндамасын тыңдағаннан кейін, Юрий Гагарин Жердің шекарасынан тыс жерге ұшу туралы идеяға қызыға бастады. Ол тәулік бойы ұшақтарды зерттеп, болашақта өзін тек ұшқыш ретінде елестетті.

Бір жылдан кейін болашақ ғарышкер техникумды бітіріп, бір мезгілде аэроклуб мүшесі болып жүреді. Сол 1955 жылы Юрий Алексеевич алғаш рет ұшақпен аспанға көтеріледі. Аэроклубта оқу барысында ол шамамен 200 рет ұшақпен ұшады.

Болашақ ғарышкер оқуын бітіргеннен кейін бірнеше ай өткен соң, Чкаловтағы әскери авиация мектебіне әскерге шақырылды. Онда Гагарин өлім аузынан қалған күрделі қақтығыс болады. Взвод командирінің көмекшісі болып тағайындалған жас Гагарин тәртіпті өте қатаң сақтайтын. Оның мұндай талапшылдығы, әрине, қызметтестеріне ұнамады. Сонда, ондағылар бір түні Юрийді ұстап алып, өлімші етіп соққыға жығып кетеді. Осы жағдайдан кейін ол ұзақ уақыт ауруханада жатып, кейін қызметіне қайта оралады. Атап өту керек, бұл оқиға болашақ ғарышкердің жауынерлік рухын түсірмеді, ол осы жағдайдан кейін де қарамағындағыларға деген көзқарасын өзгерткен жоқ.

Осы кезеңде Гагариннің өмірінде тағдырын толығымен өзгертіп жіберуі мүмкін жағымсыз оқиға орын алды. Өйткені, Гагарин әуе кемесін асқан шеберлікпен басқарса да, оны ұшу-қону жолағына қондыруды үйрене алмаған еді. Қону кезінде жас ұшқыштың ұшағы үнемі қалғып отыратын. Бірақ, сол кезде шәкірттерге өте қатаң талаптар қойылғандықтан, Гагаринді училищеден шығару туралы шешім қабылданды. Дегенмен, өмірін аспансыз елестете алмайтын Юрий Гагарин мансабын тоқтатуға дайындалып жатқан сәтте, училище басшысы барлық пәндерді үздік оқып жүрген талантты жігітті оқудан шығарып жібергісі келмеді. Сондықтан, ол осындай қабілетті және епсек студенттің ұшақты қалайша қондыра алмайтынын түсінуге тырысты.

Сонда ол осы сәтсіздіктердің бәріне қону кезінде Юрийге бұрышты жақсы көруіне кедергі келтірген бойының кішкентайлығы себеп болуы мүмкін екенін айтты. Нәтижесінде, жас жігітке орындықты көтергеннен кейін тағы да ұшақты қондырып көруін ұсынады. Айтқанындай-ақ, училище басшысының болжамы дұрыс болып шығады. Кабинадағы орнындықты көтергеннен кейін, Юрий Гагарин ешқандай қиындықсыз ұшақты қондыра алды.1957 жылы Гагарин училищені үздік бітіріп, содан кейін Мурманск облысына қызмет етуге жіберілді. Мұнда ол түрлі әскери ұшақтарда ұшып, лейтенант дәрежесіне көтерілді.

Юрий Гагарин Луостариде қызмет етіп жүрген кезінде КСРО-ның әуе күштерінің ғарышқа ұшқысы келетін еркітілер таңдап жатқанын естиді. Осыған байланысты, ол өзін кандидат ретінде есептеуін сұрап, баяшылыққа баянат жазады.

Сол кезде ғарыштық жобаны тамаша инженер-конструктор Сергей Королев басқарды. Ол қатысушыларды тек дағдыларына немесе еңбегіне қарап емес, физикалық деректеріне қарап таңдады. Іріктеу бойынша, болашақ ғарышкердің бойы 170 см-ден аспауы керек болды, ал салмағы – 70 келі болуы керек еді. Өйткені, алғашқы зымырандардың, соның ішінде «Восток» ғарыш кемесі шағын және ауыр салмаққа арналмаған болатын. Осыған байланысты Гагарин лайықты үміткер болды.  Кезінде, бұл мансапқа келуіне кедергі болған бойы, осы жолы Юрий Гагариннің бақытты билетіне айналды. Осылайша, ол 165 см боймен және 68 келі салмақпен ғарышқа алғаш ұшатын 20 үміткердің қатарына кірді.

1960 жылдың көктемінде Гагарин басқа кандидаттармен бірге арнайы жабдықталған базада жаттыға бастады. Қатысушылардың әрқайсысы ғарышқа тұңғыш жол салушы болуды армандады.
Үлкен бәсекелестікке қарамастан, Юрий барлық қарсыластарын жеңе алды. Ол ешқашан ешкімге қызғанып қарамаған және барлық адамдармен адал болды. Көп ұзамай кандидаттар анонимді сауалнамаға қатысып, әрқайсысы ғарышқа ұшуға лайық ең үздік үміткерді атауы керек болды. Бір қызығы, барлық қатысушылар ғарышқа ұшуға лайық адам деп Юрий Гагаринді атаған.

Ол топта көшбасшы болмаса да, ғарышкерге тән бірқатар қасиеттерге ие болды және психологиялық тұрғыдан өте тұрақты болды. Яғни, Гагарин ең қиын сәтте де кез-келген жағдайды айқын бағалауға және дұрыс шешім қабылдауға қабілетті болатын. Королев осыған байланысты да Гагаринді таңдады. Юрийдің кандидатурасының мінсіз болғаны, ол славяндық айқын сырт-келбетпен және мінсіз өмірбаянымен ерекшеленді.Оның үстіне, Юрий Гагарин шаруа отбасынан шыққандықтан, идеологиялық тұрғыда да ғарышқа ұшуға лайықты болды. Себебі, бұл жағдайда бүкіл әлемдік қоғамдастық Кеңес Одағында тіпті, қарайым адамның  өзі ғарышкер бола алатынын білер еді.

Юрий Гагариннің анасы сұхбаттардың бірінде, ұлының Королевтің көңілінен шыққан себебі, ол барлық мәселелер бойынша онымен адал болды деген болатын. Бірде, центрифуга туралы тақырып қозғалған кезде, Юрий онда өзін нашар сезінетінін айтқан екен. Ал, басқа қатысушылар болса, центрифугадағы жүктемелерді жақсы еңсере алатындарын мәлімдеген. Сонда Королев бұл жігіттің өзінің әлсіз тұстарын және кемшіліктерін адал мойындағанын түсініп және оның бұл шыншылдығын бағалады.

Себебі, ғарыштық бағдарламаның жетекшісі үшін ғарышкерден ашық жауап алу өте маңызды болды. Ұшқыш кез-келген жағдай туралы шынайы мәліметтерді хабарлауы керек еді. Өйткені, әңгіме ғылым үшін бұрын-соңды болып көрмеген батылдық жайлы болды – адамның жер шегінен тыс ашық кеңістікке шығуына әрекет жасауы. Сондықтан қате факторлар болмау керек болатын.

Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен алғаш ғарышқа көтерілгенде елеулі қауіптер болды. Ел басшылығы зымыранның барынша жылдам іске қосылуын талап еткендіктен, құрастырушылар оны толығымен жабдықтап үлгермеді. «Восток» зымыранында жұмсақ қондыру және авариялық-құтқару жүйелері жоқ болған еді.

Бірақ, соған қарамастан 1961 жылы 12 сәуірде Мәскеу уақыты бойынша сағат 09: 07-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан көптен күткен ұшу орындалды. Гагарин зымыран көтерілер алдында: «Кеттік!» – деп айқайлады. Ал көп ұзамай алғашқы техникалық ақаулар туралы хабарлар келді. Сөйтсе, зымыран есептелген нүктеден 100 шақырымға жоғары көтеріліп кеткен. Егер тежеу жүйесі істен шығып кеткенде, онда Юрий Гагарин Жерге бірнеше аптаның ішінде оралуы мүмкін еді.

Осы уақыт ішінде ол әуеде көз жұмуы мүмкін болды, себебі кемеде азық-түлік шектеулі болған. Ғарышта 2 сағаттай қалықтаған Юрий Гагарин Жерге қиындықтармен қонды. Бір қызығы, «Восток» кемесі белгілі бір ауытқуына байланысты жоспарланған жерге қонған жоқ. Алайда, ең бастысы, Юрий Гагарин қайткен күнде де ғарышта болып қайтты және Жерге аман-есен оралды.

Сондай-ақ, Гагарин ұшу барысында қарапайым тәжірибелер жүргізген. Ол су ішіп, тамақ жеп, қарындашпен жазды. Гагарин қарындашты жанына қойғанда, оның кездейсоқ бірдіндеп қалықтап бара жатқанын анықтады. Осыдан Гагарин ғарышта қарындаштар мен басқа да заттарды байлап қою керек деген қорытындыға келді. Сөйтіп, ол көргенінің бәрін магнитофонға жазып отырды.

Мұнда тағы бір қызықты фактіні атап өту керек. Әңгіме мынада: адам баласы ғарышқа алғаш ұшқанға дейін, адам психикасының ғарышта қалай әрекет ететіндігі әлі белгісіз болатын. Сондықтан, алғашқы ғарышкер зымыранды басқармай немесе жабдықты бүлдіріп тастамауы үшін арнайы қорғаныс қамтамасыз етілді. Ал ғарышкер қолмен басқару тетігін қосу үшін математикалық тапсырма жазылған жабық конвертті ашып, басқару панелін құлыптан босату коды болатын шешімін табуы керек болды.

Ғарышқа сәтті ұшып келгенінің арқасында, Юрий Гагарин бір сәтте әлемге танылып, жұлдызға айналды. 1961 жылы 14 сәуірде №1 ғарышкердің құрметіне керемет мереке ұйымдастырылды. Барлық кеңестік қалалардың басты көшелерінде қуаныштан көз жасын ұстай алмаған көптеген бақытты адамдарды кездестіруге болатын. Ал теледидарда дикторлар өз отандастарының ерлігі туралы үздіксіз әңгімелеп жатты. Сонымен қатар, АҚШ іс жүзінде ғарыштық бәйгеде КСРО-дан жеңілгенін мойындады. Қысқасы, сол уақытта Кеңес халқы шынайы масаттанып, жетістікке жеткендерін мақтаныш тұтты.

Ғарышқа ұшқан алғашқы адам: Юрий Гагариннің өмірбаяны

Оның үстіне Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына небәрі 16 жыл өткен соң, кеңес ғылымының осындай үлкен секіріс жасағаны таңғаларлық жайт болды. Алғашқы адам ғарышқа сәтті ұшып келгеннен кейін Юрий Гагариннің өмірбаянында барлығы түбегейлі өзгерді. Оған майор атағы берілді, ал Гагариннің өзі түрлі мемлекеттерге «Әлем миссиясымен» сапарға аттанды. Юрий Алексеевич қайда барса да, оның келуі нағыз мереке болатын. Бір қызығы, Гагаринмен әңгімелесу бақытын сезінген барлық адамдар оның қарапайым, әдепті және позитивті адам екенін айтқан. Айта кету керек, Юрий Гагариннің жеке қасиеттері мен табиғат берген сымбаттылығының арқасында Кеңес Одағы өзінің әлемдік имиджін нығайта алды.

1957 жылы Юрий Гагарин ұшуды басқару орталығының медициналық бөлімінде жұмыс істейтін Валентина Ивановна Горячева есімді бойжетке үйленеді. Бақытты некеден 1959 жылы Елена және 1961 жылы Галина есімді қыздары дүниеге келді. Юрий Гагариннің қайғылы өлімінен кейін де, Валентина күйеуіне адал болып, екінші рет тұрмыс құрмады.

Ғарышқа ұшқан алғашқы адам: Юрий Гагариннің өмірбаяны

Өкінішке орай, 1968 жылы 27 наурызда жоспарлы рейс кезінде УТИ МиГ-15 ұшағы апатқа ұшырап, әуе кемесінде болған даңқты ғарышкер Юрий Гагарин мен нұсқаушы Владимир Серегин қайғылы жағдайда қаза болды. Кейіннен ұшқыштардың мәйіттері өртеліп, күлі сауытқа салынып, Кремль қабырғасына жерленді.

Біраз уақыт өткен соң ғарышқа алғаш ұшқан ғарышкер мен нұсқаушының қазасына қатысты жүргізілген тергеу барысында апаттың бірнеше нұсқасы ұсынылды. Көптеген сарапшылар экипаж күрделі метеорологиялық жағдайларда өткір маневр жасау нәтижесінде апатқа ұшыраған деген қорындыға келді. Оның үстіне айта кететін бір жайт, ұшқыштардың қанынан бөтен заттар табылған жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау