Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғарышқа адам таситын пойыз Марсқа 37 сағатта жетеді

Қазіргі таңда ғарыш кемесі Айға жету үшін бірнеше тәулік ұшады. Ал Қызыл планетаға бару үшін кем дегенде жарты жыл жұмсайды. Imaginactive ұйымының мамандары ғарыш пойызының жобасын таныстырды. Транспорт болашақта галактикаға адам мен ірі көлемдегі жүктерді тасуы мүмкін.

xw_1298768

Фото: Imaginactive

Бұл туралы vesti.ru хабарлайды.

Ғалымдардың ойы бойынша пойыз алты ірі цилиндрлі бөліктен тұрады. Әрқайсының ұзындығы – 50 метр. Ғарышқа сапар шегудің алғашқы кезеңінде пойыз зымыран қозғалтқыштары арқылы көкке самғайды.

xw_1298771

Сонымен қатар аппарат ғарыш кеңістігіне шыққан соң жылдамдықты “тегін” арттыратын гравитациялық маневр жасауы да мүмкін. Тұжырымдамаға пойыз бекеттерінің негізгі жолы, күн батереясынан алынатын энергия да енгізілген. Нәтижесінде “Күн экспресі” минутына 3000 шақырымды артқа тастап фантастикалық жылдамдық көрсетуі ықтимал.

xw_1298772

“Ғарышқа саяхаттаудың ең шығын келтіретін тұсы жылдамдықты арттыру мен тежегіш мәселесі. Бортында үлкен жүгі бар ғарыш аппаратын қозғалту үшін өте үлкен көлемде энергия қажет”, – дейді жоба авторларының бірі. Ал аппарат дағдылы шапшаңдыққа қол жеткізген кезде, энергия тұтыну көлемі азаяды.

Талқылау