Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гананың бай-бағландары туысқандарын “күлкілі” табытта жерлейтін болған (фото)

Ганада қайтыс болған адамдарды көңіл-күйді көтеретін дизайнмен әрленген табытта жерлеп жатыр. Жергілікті халықтың айтуынша, өлім – ең көркем жерге саяхат, келесі бір өмірге қадам.

ав

Аталған табыттардың бағасы қымбат тұрады. Яғни оларды сатып алу арқылы бай-бағландардың қатарынан екеніңізді жұртқа көрсете аласыз. Еуропалықтар мен Орта Азия тұрғындары үшін бұл табыттар жабайылық іспеттес болып көрінуі мүмкін. Алайда Ганалықтар бұлай ойламайды. Олар, әрине, өлімді күлкіге айналдырмайды. Десе де, кез келген адамды “үлкен саяхатқа” осылай шығарып салуды жөн көреді екен.

вуа

мва

Ганада бұлай жерлеу рәсімі сонау орта ғасырларда пайда болған. Патшалардың бірі бүркіт бейнесіндегі аспалы таққа тапсырыс берген. Аталған аспалы тақ (бірнеше адам көтеріп жүретін) оның қайтыс болған күнінде келген. Қиялы бай туысқандары аталған тақты табытқа айналдырған-ды.

па

св

Жерлеудің жаңа түрі жергілікті тұрғындарға ұнап қалған сыңайлы. Уақыт өте келе бай-бағландар, артынша қарапайым тұрғындар дәл осындай табытқа тапсырыс бере бастаған. Мұндай табыттар ұзақ уақыт дайындалады. Ганалықтар әдетте өздеріне арналған табытты көздерінің тірісінде алып қояды екен. Құны шамамен 500-600 долларды құрайды.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік террористер туралы тағы да бір фильм түсірілді (видео)

Дінтанушылар: Зират түйе өркешінен биік болмауы тиіс

Uber қызметкері алғашқы жұмыс күнінде-ақ жыныстық бопсалауға ұшырағанын айтты

Түркияда Дональд Трамптан аумайтын адам табылды

Талқылау