Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гамза-заде екі мемлекетте түсірген бейнебаянының тұсауын кесті (видео)

Серік Гамза-заде екі мемлекетте түсірген «Сұп-сұлу» бейнебаянын жарыққа шығарды.

Screenshot_4

Бейнебаян желісі бойынша Гамза-заде «Лашын» тобындағы Элизат Беріковамен кездейсоқ танысып, бір көргеннен ғашық болады. Арманындағы аруын Украина астанасында кездестірген жігіт сол сәтте-ақ онымен танысқысы келеді. Алайда бойжеткен үзілді-кесілді бас тартып, «керек болса дүниенің қай бұрышында болсам да тауып аласың» дейді. Ал Серік Элизаттың артынан еріп, Грузиядан бір-ақ шығады.

Желі қолданушыларының пікірі сан түрлі. Кейбіреулер Гамза-заденің өнеріне оң бағасын берсе, енді біреулер әннің мағынасына, бейнебаянның сапасына және орындаушының дене бітіміне тиісті.

«Кішкене арықтау керек ағасы», «Дауысы әдемі екен», «Өз әнін таба алмай жүр», «Серік спортпен шұғлдансаңшы», «Элизат актриса емес, шынайылық жетіспейді», «Элизат жақсы алып шыққан, ал Серіктен көп нәрсе күткем», «Қара сөзге ән қосып айта салған», – дейді олар.

Жіберіп алмаңыз: 

Эстрада жұлдыздары қандай жағдайда концерттен бас тартуға болатынын айтты

Ұйымдастырушылар Ninety One тобының Ақтөбеде өтпей қалған концерті үшін 6 миллион теңге талап етуде

Актер Бен Стиллер қатерлі ісік ауруына шалдықты

Алтынай Жорабаеваның қос бүлдіршіні бет күтімін қалай жасау керектігін көрсетті (видео)

Талқылау