Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымжан Молданазар продюсер атанбақ

Ғалымжан Молданазар дарынды жандарды іздестіруде! Талантты музыкант бұдан былай, талабы қатаң продюсер атанбақ. Алайда, өнер иесінің үміткерлерге қоятын шарттары тым жоғары…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Қазір нағыз музыканттарды іздеп жатырмын. Топқа тек аузын ашып ән айтатын жігіттерді ғана емес, аспапта ойнайтын, сазгерлік қасиеті бар, сондай нағыз музыканттарды қолдап, солардан топ жасап, жарыққа шығарам», – дейді Ғалымжан.

Әзірше өзі сияқты «сегіз қырлы, бір сырлы» өнерлі азматтарды жолықтыра алмай жүрген Ғалымжан Молданазар, эстрадада қаптаған жас әншілер туралы ойын ортаға салды.

«Білім маңызды емес бұл жерде. Маңыздысы нәтиже. Ешкімге музыкамен айналыспа деп айта алмаймыз. Тек қуанам, көбейе берсін. Көптін ішінен әйтеуір бір-екеуі шығады», – дейді Ғалымжан Молданазар.

Талабы қатаң продюсер бәсекелестіктен еш қорықпайды..

«Біздің бағытта жұмыс істеп жатқан эстрадада ешкім жоқ. Сондықтан ізбасарларымызды тәрбиелеп, сахнаға шығарамыз», – дейді Ғалымжан.

Қазақ эстрадасына жаңа леп әкелуі тиіс әншінің аталмыш жобасы, 2018-жылы тұсауын кеспек. Ғалымжан Молданазардың мұндай тығыз жұмыс кестесіне қарамай, жеке шығармашылығы да жаңалықтарға толы екен.

«Жұмыс көп, концерттер көп болды, бірақ енді бейнебаян түсіріп, теледидарға шығаруға уақытымыз көп болмады. Қазір осы келесі айдан бастап, бір бейнебаян шығарамыз және желтоқсан айына дейін кішігірім альбомымызды шығарамыз», – дейді Ғалымжан Молданазар.

Өнер жолында өндіріп тұрып еңбектенем деген музыканттың болашақ жобасы да, тек жоспар күйінде қалмас деген ойдамыз.

Жіберіп алмаңыз:

Сиви Махмудидің күйеуінің жолдасымен көңіл қосқаны рас па?

“Қазақ жігіттерінен мықты емес”: Байсемізова шетелдікке тұрмысқа шығудың кемшілігін атады (фото)

Гүлзира Айдарбекова қыз ұзатқанын сынағандарға жауап берді (видео)

Төреғалидің жары Толқынға арнаған әні қалың көрерменді жылатты (фото, видео)

Талқылау