Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымжан Молданазар қарттар үйінде не істеп жүр (фото)

Әнші жаңа бейнебаянының түсірілім жұмыстарына кірісті.

image

Бұл туралы “Гәкку” арнасы хабарлайды.

Ғалымжан Молданазар қарттар үйіндегі бір оқиғаны баяндап бермек. Осылайша ол өзінің жаңа видеосында ауқымды тақырыптарды қозғайтын болады. “Малик Зенгер атты жақын досым осы видеоның түсірілім жұмыстарына көмектесіп жатыр. Бүгін – бірінші күн, алайда видеоның желісі қалай болатыны әлі жазылып бітпеді. Аталған туындыға көптеген қоғамдық мәселелерді енгізуге тырыстық”, – дейді әнші.

14072905_684470865048681_1156373772_n

Оқиғаны әнші емес, қарттар үйіндегі әже баяндайтын болады. “Бұл күйеуі көп уақыт бұрын қайтыс болып жесір қалған әйелдің өмірінен кішігірім үзінді. Әже өзіне таныс әуенді естіп, жастық шағына ойша саяхаттайды”, – дейді Малик. Түсірілім жұмыстары бірнеше аптаның ішінде аяқталады деп күтілуде. Сондықтан тыңдармандары туындыны жуырда көре алады.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымжан Молданазар күйзеліс туралы әнге бейнебаян түсірді (видео)

Ғалымжан Молданазардың тыңдармандар сүйіп тыңдайтын әні анықталды

Ғалымжан Молданазардың әні Еуропа радиоларында қойылып жүр

Талқылау