Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымжан Молданазар күйзеліс туралы әнге бейнебаян түсірді (видео)

Ғалымжан Молданазар “Жауап бар ма?” атты әнге түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті.

11921791_517516968402120_3501318081424056254_o

Фото: facebook.com/profile.php?id=100005952438604&sk=photos&pnref=lhc

Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлайды.

Әнші өзінің “Жауап бар ма?” атты жаңа әнінде толғандырып жүрген сұрақтардың жауабын іздейді. Бейнебаянның түсірілім жұмыстары Қаскелеңде өткен. Әншінің айтуынша, бейнебаян бір күн ішінде түсірілген. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бейнебаян ойдағыдай шыққан.

Ғалымжан дәл қазір қатты қиналып жүрген сыңайлы. Кез келген шығармашылық адамы секілді өз эмоцияларымен өзі күресіп жатыр.

“Ән өзімнің жеке тәжірибеме негізделген. Әннің өзі күйзеліс туралы. Бұл әннің мәтінінде де, бейнебаянында да қамтылған. Сондықтан біз өзгелерден артылу үшін ешнәрсе жасаған жоқпыз. Барлығы қарапайым”, – дейді Ғалымжан Молданазар.

Мұнымен қатар, әнші жуырда жаңа альбомының тұсауын кеспек. Естеріңізде болса, жуырда Әли Оқапов, Диас Аблаев үшеуі “Өзіңмен бол” атты туындыларын ұсынған-ды.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымжан Молданазардың тыңдармандар сүйіп тыңдайтын әні анықталды

Әли Оқапов қыздардан қандай сыйлық алғысы келетінін айтты

Қазақстандағы жүзі суық танымал адамдар

Ринат Зайытов сүйіктісіне арнаған әннің бейнебаяны жарық көрді (видео)

Талқылау