Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азия тұрғындары Американы Колумб ашқанға дейін 100 жыл бұрын білген

АҚШ археологтары Аляскадан Еуразия тұрғындарының Солтүстік Америка жайлы ХV ғасырда жаңа елді Христофор Колумб ашқанға дейін білгенін, тіпті сауда жасасқандарын дәлелдейтін заттар тапқан.

8290505

Сурет: РИА Новости

«Бұл біз үшін тосынсый болған жоқ. Үндістердің ауызша айтуына қарағанда, Азия мен Америка металмен алмасып тұрған. Мына құймалар Еуразия аймағында жасалған болуы керек. Олар Сібір мен Беринг арқылы эскимостардың бабаларына Америкаға жеткен», – дейді АҚШ-тың Пардью университетінің ғалымы Кори Купер.
Купер мен оның әріптестері Туладағы эскимостар дәуірінде өмір сүрген Алясканың ауыл тұрғындарынан табылған еңбек құралдары мен артефактілерін зерттеп көрген. Олар алты метал объектілерімен қоса мәдени ескерткіштер тапқан.

Анық болғандай, аталған заттар, металлургия өнімдері Сібір мен Таяу Шығыс елдері арқылы Аляскаға тасымалданған. Сауда жасаушылар Беринг бұғазы жүзіп өткен. Купердің айтуынша, табылған темір заттар мен қола заттар Азия тұрғындарының Америка елі жайында білгенін және олармен саудамен айналысқанын дәлелдейді.

Жіберіп алмаңыз:

Археологтар египеттік мумиядан жұмбақ татуировка тапты (фото)

Археологтар Австрияда XIII ғасырдағы ұялы телефонды тапты

Томирис заманына тиесілі әйел жынысын қорғайтын бұйым ғалымдарды әуреге салған

Талқылау