Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар жүзімнің ерекше пайдасын анықтады

Женева университетінің зерттеушілері жүзімнің құрамындағы ресвератрол атты бағалы табиғи қоспа өкпенің қатерлі ісігі ауруымен күресу қасиетіне ие екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ғалымдар жүзімнің ерекше пайдасын анықтады

Бұл туралы Science Daily жазады. Осындай қорытынды тышқандарды темекі түтіні бар канцероген әсеріне ұшыратқан экспериментте белгілі болды. Тышқандарды ары қарай емдеуде жүзім құрамындағы ресвератрол қолданылды. Фенольдік қосылыстардың өкпенің қатерлі ісігімен күресудегі тиімділігін затты мұрынға енгізу арқылы анықтады.

Тәжірибеге қатысушыларды төрт топқа бөлген: бірінші бақылау топқа канцерогенде, ресвератролда берілмеген, екіншіге – екеуінде берген, ал қалған екі топтағыларға әр заттың біреуінен берген. Ем алған тышқандардың ісіктері басқа топтағыларға қарағанда 45 пайызға кішірейген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау