Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Жер қойнауында миллиардтаған тонна гауһар жатыр

Гарвард және Берклидегі Калифорния университетінің ғалымдары жердің тектоникалық тақтасының ерекшеліктері бұрын ойлағаннан гөрі көп құпияны жасырып жатуы мүмкін екенін анықтады.

Ғалымдар: Жер қойнауында миллиардтаған тонна гауһар жатыр

Бұл туралы Business Insider хабарлады, деп жазады  Stan.kzақпараттық агенттігі.

Зерттеушілердің пікірінше, жердің терең қойнауында «жартас» секілді  ішінде миллиардтаған тонна асыл тастар мен басқа да минералдар төгіліп жатқан тау болуы мүмкін.

Бір жағынан, миллиардтаған тонна гауһарларды жер бертіне көтеріп шығу оңай емес. Ғалымдардың пікірінше, тау-кен жыныстарының көп бөлігі 140-250 шақырым тереңдікте болуы мүмкін.

Ал, мұндай тереңдікке планетада қолданып жүрген бұрғылау технологияларының ешқайсысы бейімделмеген. Қазір сейсмикалық және тектоникалық белсенділік туралы мәліметтерді қайта талдаған ғалымдар гауһартасты ең ірі «жер асты қоймасын» табуға тырысуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау