Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар жер бетіндегі барлық адамзат тілінің түп төркіні бір болғанын анықтады

Америкалық және британдық лингвистер қарапайым қолданыстағы сөздерді 80 тілде салыстыра келе, олардың барлығы ортақ семантикаға негізделген, күллі адамзат тілінің түп төркіні бір болған деген тоқтамға келді.

different-people-130

 

Сурет chuvsu.ru сайтынан алынды.

“Зерттеуге дейін біз әр тілдегі сөздердің мағынасының жақындығы туралы дөп басып айта алмадық. Мәселен, “ай” мен “күн” сөздерін немесе “теңіз” бен “кұм” сөздерін физикалық жақындығын ескере келе бір-біріне қаншалықты жақын деген сауал қойдық. Бұларды қалай анықтай аламыз деп ойладық”, – дейді Санта-Фе Институтының зерттеушісі Танмой Бхаттачарья.

Зерттеушілер әуелі бірнеше сөзді 80 тілге аударып көрген, кейіннен аудармаларды мағыналарына қарай тағы да аударып көрген. Сөйтіп зерттеушілер ол сөздердің аудармаларын салыстыру арқылы бір-бірінен алыстығы мен жақындығын анықтады.

Нәтижесінде бір біріне ұқсас сөздердің барлық тілдердің ортақ үш ерекшеліктерін тапты. Бірінші суға қатысты, екіншісі тау мен қатты денелерге қатысты, үшінші бедерлер мен аспан денелері, уақытқа қатысты сөздер болды.

Осыған байланысты зерттеушілер олардың барлығы ортақ семантикаға негізделетінін, күллі адамзаттың тіл төркіні бір болған деген тоқтамға келді. Алайда, лингвистер мен археологтар ежелгі дәуір адамдарының қай кезден бастап сөйлей алатынын және ол кезде бір тілде сөйлеген, әлде бірден әр тілде сөйлегенін нақтылайтын дәлелдері жоқ.

Ғалымдардың айтуынша, жалпыға ортақ семантикалық “кластердің” анықталуы осы мәселенің зерттелуіне, ешкім білмейтін біздің заманымызға дейінгі адамзат тілінің түп тамырын зерделеуге алғашқы қадам болып отыр.

Талқылау