Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар жаурағыш жандардың ұзақ өмір сүретінін анықтады

Жылы жерде де үнемі қалтырап, тоңып жүретін жандар өзінің бұл қылығын жайсыздық деуі мүмкін. Алайда, мұндай тоңғақ жандардың басқалардан үлкен артықшылығы бар. Ғалымдар жаурағыш жандардың ұзағырақ өмір сүретінін анықтады.

nYOCqluNIbSndDDv-lg

Вашингтон университетінің мамандары адам денесінің температурасы өмір сүру ұзақтығымен байланысты деген шешімге келді. Ұдайы тоңып жүру ұзақ өмір сүрумен байланысты нақты гормондық өзгерістердің белгісі деп санайды.

Ғалымдар жасы елуге келген 24 ер және әйелге эксперименттер жүргізген. Оларды үш топқа бөлді: бірінші топ мүшелерінің күнделікті тұтынатын калорий мөлшерін 25% азайтты, екінші топқа рационын еш кемітпей, сопртпен белсенді түрде айналысуды міндеттеді, үшінші топ жай ғана бақылауда болды.

Эксперимент нәтижесі бойынша, калорий мөлшерін азайтқан бірінші топ мүшелерінің дене температурасы төмендеген. Олар қатты тоңғанын айтып шағымданған, ал ағзаларын тексергенде, олардың денесі ұзақ өмір сүрудің әлеуетті ресурсын жинағаны анықталды. «Олардың ағзасындағы гормондық өзгерістер метаболизмді бәсеңдетті, осылайша энергия мен жылу үнемделді», – деп хабарлады тәжірибе авторлары.

Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясы – аштық пен суық деп есептейді. Ертеректе лабораториялық тышқандарға жүргізілген эксперимент те осыны көрсеткен еді: дене температурасының 0,2-0,5 градусқа төмендеуінен аталықтың – 12%, аналықтың – 20% өмірі ұзарған, деп жазады шетелдік БАҚ.

 

Талқылау