Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: жалаң аяқ жүгіру ми үшін пайдалы

Солтүстік Флорида университетінің ғалымдары қызық қорытындыға келді. Олардың айтуынша, егер салауатты өмір салтын ұстанып, жүгіріп жүрген адамдар ойлау қабілетін де жақсартамын дейтін болса, онда жалаң аяқ жүгірген пайдалы болады екен.

aebca038f65a607232bbb912d16dc071_L
Сурет quickanddirtytips.com/health-fitness/

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Зерттеу тәжірибесіне 18-44 жас аралығындағы 72 адам қатысты. Сынақ барысында олар 16 минут бойы өз шамаларына қарай жалаң аяқ жүгірген кезде табандарына жолда жатқан түрлі нәрсе батқан. Ғалымдар «дәл осы сәт адамның миы үшін маңызды» дейді. Себебі табанына тас батқан сайын адам миды іске қосып, табанын аман сақтау үшін әрбір қадамын ойлап басу арқылы миды жұмыс істеткізеді.

Еріктілер сынаққа дейін және кейін жадыны тексеретін тест тапсырған. Тест нәтижесіне сәйкес, жалаң аяқ жүгіргендердің есте сақтау қабілеті 16%-ға дейін артқан. Ал аяқтан кроссовканы шешпей жүгіргендерде мұндай өзгеріс байқалмапты. Оқымыстылардың пайымдауынша, жалаң аяқ жүгіру кезінде миға салмақ түсіп, ойлау қабілеті артады.

Талқылау