Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар зағип жандарға арналған сия ойлап тапты

Таиланд ғалымдары зағип жандарға арналған сия шығарды. Бұл сиямен жазылған сөзді немесе мәтінді кәдімгідей қолмен ұстап, оқуға болады.

ada8ae148b5f5c671597da64ad69b8ab_L

Сурет cnet.com

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Ал ең бастысы ол осыған дейін зағиптардың пайдаланып келген Брайль шрифтін жасау әдісінен гөрі анағұрлым арзан.

Брайль шрифтімен бір парақты жазып шығу үшін 1 АҚШ доллары (шамамен 330 теңге) жұмсалса, тайлықтардың шығарған сиясымен бір бетті басып шығаруға небәрі 3 цент керек.

Мұндағы Таммасат университеті ғалымдарының айтуынша, сияның жаңа түрін қыздырған кезде ол ісініп, мөлшерін арттырады екен. Сол арқылы көру қабілеті нашар адам әріптерді ұстап, оқи алады. Өнертапқыштар мұндай сияны қарапайым принтерге бейімдеп, зағип жандар үшін неғұрлым қолжетімді етуді көздеп отыр.

Талқылау