Ғалымдар ұйықтар алдында гаджеттерді пайдаланудың зияндылығын анықтады

Сейсенбі, 1 Қараша , 2016 13:14

Смартфондар мен гаджеттерді ұйықтар алдында пайдаланатын балалардың ұйқысы тыныш болмайды. Тиісінше гаджеті жоқ баланың ұйқы режімі ғана емес, денсаулығы да алдыңғысынан қарағанда әлдеқайда жақсы болады.

287-2015-08-10-pgZu9879YB

Лондондағы патшайым колледжінің зерттеушілері осындай байламға келді. Зерттеу туралы EurekAlert басылымы жазды.

Зерттеушілер 6-19 жас аралығындағы 125 мың бала қатысқан 20 зерттеу жұмысын негізге ала отырып қорытынды шығарды. Ұйықтар алдында смартфондарды немесе басқа да құрылғыларды қолдану ұйқының қанбауына, сол сияқты күні бойы ұйқысырап жүруге әкеліп соқтырады. Тіпті, жатын бөлмесінде смартфонның бар болуының өзі ұйқының сапасына әсер етеді екен. Мұның себебі мынада: балалар әркез келген хабарламаларға жауап беруге дайын тұрады және әлдебіреулердің хат жазуын күтіп отырады.

Ұйқысы бұзылған баланың денсаулығы да нашарлайды, тәбеті төмендеп, семіздікке душар болуы мүмкін. Сол сияқты иммундық жүйесі әлсіреп, бойының өсуі тоқтап қалуы ғажап емес. Одан бөлек, бала психологиялық тұрғыдан жабырқау болып жүреді.

Зерттеушілердің пікірінше, гаджеттердің танымалдылығының артуы – балалардың ұйқысының одан әрмен бұзылуына әкеп соқтырады. Оның алдын алу үшін – гаджеттердің қолжетімділігін төмендетіп, ұйықтар алдында баланың пайдалы іспен айналысуын қадағалау қажет.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандық дәрігер смартфон мен гаджеттің жүктілікке кері әсер тигізетінін айтты

Ғалымдар мобильді гаджеттер салдарынан пайда болатын жаңа ауруды анықтады

Ғалымдар әруақтардың көзге көрінуінің 3 себебін түсіндіріп берді

Ғалымдар тарақандардың жер бетінде атқаратын міндетін анықтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар