Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ұйқысыздықтан арылтатын ең үздік тәсілді анықтады

АҚШ-тағы Солтүстік-Батыс университетінің неврологтары алдына үлкен мақсат қойған адамдардың басқаларға қарағанда ұйқысыздық дертіне аз шалдығатынын анықтады.

20170710133918

Зерттеу қорытындысы Sleep Science and Practice журналында жарияланған.

Мамандардың айтуынша, алдына биік мақсат қойған адамдар ұйқысыздық дертіне көп ұшырай бермейді. Яғни, жиі армандау және белгілі бір мақсатқа ұмтылу – ұйқысыздық ауруынан айықтырады.

Зерттеуге жасы 60-100 аралығындағы 800-ден астам адам қатысқан. Олар ұйқының ұзақтығы және сапасы туралы, сондай-ақ, болашаққа қойған жоспарларына байланысты сауалдарға жауап берген.

Мамандар ұйқы сапасын арттыру үшін ұйықтар алдында теледидар, компьютер қарап, кофе, алкоголь, никотин тұтынудан аулақ болуға шақырады. Сонымен қатар, ауыр тамақ жеп, физикалық жаттығулармен айналысу да ұйқы қашырады.

Оқи отырыңыз:

Донор құтқарды: Астаналық азаматқа жүрек ауыстыру операциясы жасалды

Шымкенттік оқушы қыз рак клеткаларын жойып жіберетін дәрі жасап шықты

Қызылорда тұрғыны ұлу өсіріп, пайдаға кенеліп отыр

Дәрігер: Ауру жұқтырғанда адамның бауыры жанып кетеді

Талқылау