Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Ұйқысы үнемі қанбай жүретін адам өліп кетуі мүмкін

Ғалымдар ұйқының ми жұмысына әсер ететінін айта келіп, қалыпты мөлшерде ұйықтауға кеңес береді.

Рэнди Гарднер есімді рекорд орнатушы 17 жасында 264 сағат ұйықтамаған. Қазір 68 жаста, дені сау, өзін жақсы сезінеді. Алайда ғалымдар үш тәуліктен аса ұйықтамаған адамның өліп кеті мүмкін екенін ескертеді. Мамандар бұған нақты дәлел болатын оқиғаны келтіре алмайды. Дегенмен ағзаның уақытымен демалғаны дұрыс.

Ұйқы қанбаушылық адам өмірін қысқартуға себеп болады. Мәселен, 8 сағаттық ұйқыны 4-5 сағат қана ұйықтайтын көлік жүргізушісі қауіпті болады. Оның әрекеті басқалардан өзгеше болады. Жаңа Зеландия мамандары ұйқы қанбаушылықтың ауыр дертке, мүгедектік пен өлімге әкелетінін айтады.

Мамандардың айтуынша, аз ұйықтайтын адамдар одан бөлек семіздік, екінші типтегі диабет, инсульт, инфаркт, күйзелік дертіне шалдығуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Соңғы күндерде аурудан 3 адам көз жұмды: Алматыны менингит дерті жайлағаны рас па?

БҚО тұрғындары Рамазан айында жолды жөндеп бермек болған кәсіпкердің әрекетін ұнатпады

Жүрегім ауырды: Ақтөбелік кәсіпкер мүгедек қыздың отбасына 2 бөлмелі пәтер сыйлады

Талқылау