Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Ұйқысы қанбаған адам қоғам үшін өте қауіпті

Ұйқының аздығы адам үшін ішімдіктен де зиян. Себебі, ұйқысы қанбаған адамдар жол апатына жиі ұшырайды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ғалымдар ұйқының аздығы айналамызда болып жатқан құбылыстарды қабылдауымызға тікелей әсер ететінін айтып дабыл қақты. Мұндай тұжырымды Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің зерттеушілері жасапты.

Зерттеушілер тәжірибе ретінде эпилепсияға ұшыраған  12 науқастың миын өзара салыстырған. Олардың миларына арнайы электродтар енгізілді. Онан соң, оларға әртүрлі суреттерді көрсетеді. Аз ұйықтаған адамдар бұл суреттерді бір-бірінен оңайлықпен ажырата алмайды. Яғни, ми жасушаларының жылдамдығы төмендеген.

“Біз ұйқының аздығы ми ісін қалай бәсеңдететінін байқағанымызда таң қалдық. Әдетте жылдам жұмыс жасап жасайтын нейрондардың жылдамдығы бәсеңдеп, әдеттегіден ұзақ жұмыс жасады”, – дейді дәрігер Юваль Нир.

Адам қанша сергек болуға тырысқанымен, оның миының бір бөлігі ұйықтап жатқан. Бұл адамның көру және есте сақтау қабілеттерін төмендетеді. Бұндай науқастар көлік айдағанда жаяу жүргіншілер жолын да байқамауы мүмкін. Итжак Фридтің айтуынша, ұйқының аздығы адам миына әсер ететін көптеген алкогольдік сусындардың зиянымен тең.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар кофенің пайдасын мойындады

Ғалымдар: Инфарктің көбі ақшамен байланысты

Бейтаныс қызға бүйрегін берген: Жәмилә мен Абзал тағдырдың жазуымен танысып, бір отбасыдай болып кетті

Оралда саунаның төбесіне шығып ойран салған қызды арқанмен байлап түсірді

Талқылау