Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ұйқының қанбауы балалар үшін қаншалықты қауіпті екенін айтты

АҚШ-тың Ратгерс университетінің зерттеушілер тобы ұйқының қанбауы балаларға қалай әсер ететінін анықтады.

Ғалымдар ұйқының қанбауы балалар үшін қаншалықты қауіпті екенін айтты

Бұл туралы MedicalXpress басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Зерттеуге 8-17 жас аралығындағы 177 мыңнан аса адам қатысты. Басылымда аталғандай, 12 жасар балалар үшін ұйқының қалыпты ұзақтығы  – тәулігіне кемінде 9 сағат. Ал жасөспірімдер кемінде 8 сағат ұйықтауы тиіс. Алайда зерттеуге қатысқандардың жартысы бұл уақыттан аз ұйықтайтын болып шықты.

Сонымен қатар ғалымдар ұйқының қанбауы зиянды әдеттердің қалыптасуына әсер ететінін анықтады. Яғни, балалар пайдалы астың орнынан жылдам әзірленетін тағамдар жеп, аз қозғалып, көп отырады. Өз кезегінде мұның барлығы семіздікке алып келуі мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау