БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ғалымдар: тұрақты жаттығулар миды жасартуға көмектеседі

АҚШ-тағы Дьюк университетінің ғалымдары дұрыс тамақтануымен қатар, алты ай бойы жүйелі түрде жаттығу жасау мидың қартаюын тоқтатады және тіпті бұл процесті кері қайтарады деп санайды. Бұл идеяның өзі жаңа емес, бірақ психиатр Джеймс Блюментальдың командасы ол тұжырымдаманы эксперименталды түрде растап, мидың алты айлық тұрақты жаттығудан кейін жақсы жұмыс істейтінін дәлелдей алды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ғалымдар: тұрақты жаттығулар миды жасартуға көмектеседі

Тәжірибе барысында зерттеушілер тұрақты жаттығулар тіпті ақыл-ойдың кемдігі пайда бола бастаған қарт адамдардың да миын қалпына келтіруге қабілетті деген қорытынды жасады.

Блюменталь тобының тәжірибесіне 55 жастан асқан 160 адам қатысты. Тәжірибенің басында қатысушылардың танымдық көрсеткіштері орташа алғанда олардың жасындағы ерлер мен әйелдердікінен де нашар болды. Қатысушылар арасында жүргізілген интеллектуалды тестілеудің нәтижелері, әдетте, қатты қартайғандарда көрсетілетін деңгейді көрсетті.

Осы мәселе бойынша жүргізілген зерттеу кезінде мамандар тәжірибеге қатысушыларды төрт топқа бөлді.

1. Біріне аптасына үш рет 35 минуттан кардио жаттығулар тағайындалды.

2. Екіншісі тұтас дәнді өнімдерге бай диета ұстап, жемістер мен көкөністер тұтынды.

3. Үшінші топтағылар бір мезгілде бірінші және екінші топтағылардың әрекетін жасады.

4. Ал төртінші топ бақылау тобы болды. Оның қатысушыларына мидың қартаюы туралы дәрістер оқылды.

Алты ай өткеннен кейін бір мезгілде физикалық жаттығулар жасап, дұрыс тамақтанған үшінші топтың қатысушылары басқаларға қарағанда, зерделілікті анықтауға арналған тесттерде айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетті.

Егер тәжірибе басында олардың ойлау мүмкіндіктері орта есеппен  93 жастағы адамдардікімен сәйкес келсе, онда алты ай өткеннен кейін қатысушылардың ақыл-ойы 84 жасқа дейін төмендеді.

«Бұдан шығатын қорытынды жаттығу кез келген жаста, тіпті когнитивті бұзылыстың анық белгілері болған адамдар үшін де пайдалы», – дейді Блюменталь.

Бұл ретте, ғалымдар мидың жақсаруын жүрек қызметінің белсенділігінің артуымен байланыстырады. Жақсы қан айналым – бұл үнемі оттегіні қажет ететін мидың дұрыс жұмыс істеуі үшін маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар, ми денеге тұрақты жүктеме түскен сайын ұлғаяды. Атап айтқанда, нейрондардың байланыс орны болып табылатын түйіспе мөлшерімен ұлғаяды. Сонда мидағы клеткалар көбейіп және олардың арасында жаңа байланыстар пайда болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр