Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Томирис заманына тиесілі әйел жынысын қорғайтын бұйым ғалымдарды әуреге салған

Қазақстандық археологтарды біраз жылдардан бері ойландырып келе жатқан бір маңызды дерек бар. Ол әйелдер сән өркениетінің бастауындай болған, үшбұрышты алтыннан құйылған дөңес әшекей бұйым.

ыффффф

Сурет vk.com

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

1988 жылы Алматы облысындағы Кеген ауылынан мектеп оқушылары алтынмен апталған киіз қалташа тауып алады. 20 ғасырдың бас кезінде белгісіз тонаушы ежелгі сақ қорғандарын қазып қалтасын қазынаға толтырған. Алайда белгісіз себеппен қазына толы қалтаны далаға тастап кете барған. Ішінде шамамен 600-дей алтын әшекей бұйым  болған.

Қазба орынының ең қызық жәдігері ретінде мамандар алтын тілімшені айтады. Ол біздің заманымызға дейінгі 5-ші ғасырда құйылған. Тіпті патшайым Томирис дәуіріне де тура келуі мүмкін.

“Алтын әшекей – бұл матриархат дәуірінің белгісі іспетті. Ежелгі көшпенділер әйел денесінің ажарын кіргізетін бұл қымбат бұйымның өркениеттің басты құнды заты болатынын түсінген”, – дейді зерттеуші Ерсайын Шығаев.

Талқылау