Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар тіске қауіпті өнімдерді атады

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ғалымдары тісті тек қант қана емес, сондай-ақ басқа да өнімдер зақымдайды деген қорытындыға келді. Мамандар қанттан бөлек, көмірсулар мен крахмалды қолданудан аулақ болуға кеңес берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ғалымдар тіске қауіпті өнімдерді атады

Олар тіске ең қауіпті тағамдардың тізімін жасады. Яғни, ақ нан, крекер, печенье, тәттілер, чипсы және құрамынды тұздың мөлшері жоғары басқа да өнімдердің тіске зиян келтіретіні анықталды.

Дегенмен, қант және құрамында шекер бар газдалған сусындар, тәттілер, кәмпиттер және басқа да өнімдер сау тістерге зиян келтіруі мүмкін. Себебі, тістің эмалі ағаш қоршаудағы ескі бояу секілді бір сәтте сыпырылып қалуы ғажап емес.

Ғалымдар сондай-ақ, қанттың қызыл иекке де қаупі екенін ескертті. Тәттіні жиі тұтыну қызыл иектің қанауына әкеліп, адамды көптеген қиындықтарға ұшыратуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау