Ғалымдар тез қартаймаудың және ұзақ өмір сүрудің тағы бір тәсілін айтты

Лондонда колледж мамандары адамның ұзақ өмір сүруіне әсер ететін әлеуметтік факторларды зерттеді.

Ғалымдардың шешімінше, достарымен, туыстарымен жиі кездескетін адам тез қартаймайды әрі ұзақ өмір сүреді.

Мамандар зерттеуді 4 жыл бойы жүргізді. Оған 50 жастан асқан  7304 ер мен әйел қатысты. зерттеу нәтижесінде, жақындарына көп көңіл бөліп, уақытын бірге өткізген жандардың денсаулығы мықты екенін анықталды.

Қатысушылардың 73% -ы достарымен кездесіп, спорт залына, театрғаға барып, мұражай аралаған. Түрлі қоғамдық бірлестіктерде уақытын өткізген.

Зерттеушілер егде жастағы адамдардың белсенді өмір салтын ұстанудың маңызы бар екенін жақсы түсінетіндерін айтады. Сондықтан олардың денсаулығы жақсарып, көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр