Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар тәттіқұмарларды нашақорлар секілді емдеу керек деген қорытынды шығарды

Австралиялық ғалымдар тәттіге тым құмар адамдарды да есірткі мен темекіге тәуелді адамдарды емдегендей етіп емдеу керек деген пікірге тоқтаған.

11139371

© РИА Новости

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Қантты шамадан тыс көп қабылдау “ләззат гормоны” деп аталып кеткен дофамин деңгейін көтеріп жібереді екен. Дофаминнің қалыпты жағдайы адам жақсы сезімге ие болған кезде мейлінше жоғары көрініс береді. Алайда тәттіқұмарлардағы дофамин деңгейі кокаинға тәуелді адамдардың организміндегі көрсеткішпен тепе-теңдікте болатындығы дәлелденген.

Қантты ұзақ уақыт бойы қабылдау осы гормонның деңгейін төмендетіп жібереді. Оны қалпына келтіру үшін организм тәттінің барынша көп мөлшерін талап етеді. Ал қанттан бірден бас тарту биохимиялық тәуелділіктен (есірткі, темекі, алкоголь) зардап шегіп жүрген адамның деңгейіне түсіріп жіберуі мүмкін.

“Қантты көп мөлшерде тұтыну салмақтың өсуіне алып келеді”, – дейді профессор, Квинсленд университеті денсаулық және биомедициналық инновациялар бөлімінің нейробиологы Селена Бартлетт.

Оның ойынша тәттіқұмарлықтан емделу үшін, никотинге тәуелділіктен арылу үшін қолданатын препараттарды қолдануға болады.

Австралиялық ғалымдар зерттеуінің нәтижесі 2014 жылғы Эдинбург университеті ғалымдарының пікірімен мүлде тоқайласпайды. Шотланд зерттеушілері тәттіге тәуелді болу биохимиялық емес, психологиялық күйге тікелей байланысты деген еді.

Талқылау