Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар сымсыз интернетке мүмкіндік берген Wi-Fi-дың зиянды екенін хабарлады

Wi-Fi сымсыз желісі бізге қазіргі таңда кабель жалғамаай-ақ интернетке қол жеткізуге ммүкіндік береді. Алайда, Wi-Fi қызметін ұсынатын сервис қызметкерлерінің офисінде оның денсаулыққа зиянын төмендететін арнайы құрылым бар екенін біреу білсе, біреу білмейді.

155

Бұл туралы liveinet.com хабарлайды.

Біздің ұялы телефондарымыз бен планшеттер де интернетке қосылу қызметін атқара береді. Бұл бағдарлаушы құрылғылар WLAN – электромагниттік толқынды таратады. Бұл адам денсаулығына үлкен зиян әкелуі мүмкін. Біз бұл жағдайды жете білмегендіктен, мән бере бермейміз. Ұлыбритания денсаулық сақтау агенттігі жүргізген зерттеу де мұны дәлелдей түсті. Wi-Fi бағдарлаушы құрылғыларынан шыққан сәуле адам мен өсімдіктердің өсуіне кедергі жасауы мүмкін екен.

Wi-Fi әсерінің зардаптары:

Шаршай беру;
Құлақ ауруы;
Тепе-теңдік жетіспеуі;
Жиі бас ауруы;
Ұйқысыздыққа ұрыну.

Біздің технологиясыз өмір сүре алмасымыз белгілі. Бірақ, бізге аталмыш техникалардан келетін зияндардан қалай қорғанудың жолын білу аса маңызды. Осы ретте Wi-Fi толқындарынан қорғанудың мынадай жолдарын біле жүру керек:

Wi-Fi – ды ұйықтар алдында сөндіріп тастаған жөн;
Wi-Fi пайдаланылмайтын кезде де, оны ажырата тұру керек;
Үйдің сымсыз телефонын ескі сыммен жалғанатын құрылғыға ауыстырған дұрыс;
Wi-Fi бағдарлаушыны жатын бөлмеде және асүйде қолданып қосуға болмайды.

Талқылау