Ғалымдар: Суық тиген кезде сүт ішу қауіпті

Ұлыбританиялық ғалымдар суық тиіп ауырған кезде сүт немесе оған бал қосып ішудің пайдалы екендігін жоққа шығарды.

Ғалымдар: Суық тиген кезде сүт ішу қауіпті

Бұл туралы Laryngoscope журналына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Суық тиіп ауырғанда сүт ішу науқастың бойында аллергия, жөтел және қарлығу сияқты белгілерді асқындыра түседі. Ғалымдардың пікірінше, шырыштың құрамындағы бактерияға қарсы ферменттер микробтарды өлтіріп, адамды суық тиюден қорғайды. Алайда ауру кезінде адам организмі шырышты тым көп бөле бастайды. Оның арты жөтел, аллергия және дауыстың қарлығуына алып келеді.

Бұл ретте сүт шырыштың одан сайын көп бөлінуіне әсер етеді.

Дәрігерлер тәжірибе барысында анықтағандай, адам суық тиген кезде сүт ішсе, жөтел мен суық тию белгілері ұзаққа созылып кетеді. Осыған байланысты ғалымдар суық тигенде сүтті аз ішуге немесе мүлде бас тартуға кеңес береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар