Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар суда босанудың әйел денсаулығына зиян тигізуі мүмкін екенін айтты

Батыста суда босану сәнге айнала бастаған. Дәстүрлі тәсілге қарағанда, суда босанған әйелдердің  толғағы жеңіл болады дейді мамандар. Бұл ретте жаңа тәсілді жақтаушылар бұл анаға да, балаға да қауіпсіз деп қоштауда.

 sdfsddfggsdf1

 

Сондықтан да көптеген әйелдер  жаңа тәсілді қолдана бастады. Алайда ғалымдар мұның шынымен де қауіпсіз екенін анықтауды шешті.  Бұл үшін олар «дәстүрлі» және «суда» босанған әйелдерді, туған нәрестелердің медициналық картасын салыстырды. Мамандар шынымен де балалардан ешбір айырмашылық таппады.

Ал аналарда бәрі жақсы болып шықпады. Зерттеушілер суда босанған әйелдердің жыныс жолдарының жұмсақ ұлпалары жыртылған жағдай жиі кездескенін байқаған. Америкалық акушерлер қауымдастығы мұндай тұжырыммен үзілді-кесілді келіскісі келмейді. Олар белсенді жарнамаланып келе жатқан суда босану тәсілінің қауіпсіздігіне сенімді көрінеді.

Талқылау