Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Смартфонды адам зәрімен де қуаттауға болады екен

Ғалымдар адамның дәретханаға барғанын да пайдаға жарататын жаңалық ойлап тауыпты. Британиялық мамандардың мәлімдеуінше смартфон аккумуляторын адамның кіші дәрет көпіршігі арқылы қуаттауға болады дейді.

svsv

Фото: mobiledevice.ru

Олардың идеясы бойынша, зәрді электр энергиясын өндіруші ретінде пайдалануға болады. Олар мұндай сынақты пойыз вагонының дәретханасында жасап көрген. Смартфонды толықтай қуаттау үшін 4,2 л зәр жеткілікті екен.

Бұл ретте олар өз мақсаттарына жету үшін барлығы 600 миллилитр зәр пайдаланған. Екі электрод арасындағы электрондар ағымынан құрастырылған микробты отын элементтерін де кәдеге жаратқан. Осы арқылы зерттеушілер адамдар электр энергиясы жоқ жерлерде де смартфондарын оңай қуаттап алса дейді.

Талқылау