Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар шизофренияны емдеудің тың әдісін тапты

Британ ғалымдары галюцинациялар кезінде естілетін дауыстардың көшірмесін жасаған. Сол арқылы шизофрения дертіне шалдыққандарды емдеп көріпті.

Бұл туралы The Lancet Psychiatry журналы хабарлады.

«Шизофренияға шалдыққан науқастардың 70 пайызы түрлі дауыстарды естиді. Көз алдына елестеген образдармен сөйлеседі. Ол елестер науқасқа ұрысады, кемсітеді, өзі және басқалар үшін қауіпті әрекеттер жасауға үндейді. Дерттің мұндай белгілерін дәрі-дәрмекпен азайтуға болады. Бірақ дәрілердің көмегімен емделгеннен кейін де дауыстар жоғалмайды», – дейді зерттеу жұмысының авторы, профессор Том Крейг.

Зерттеу барысында 18-65 жас аралығындағы 150 науқас сынақтан өткен. Олардың барлығы шизофрения және психозбен ауырады екен. Ғалымдар алдымен науқастарды екі топқа бөлді. Жартысы психиатрда емделсе, қалған 75 науқас жаңа терапияға қатысқан. Барлығы зерттеу кезінде дәрі-дәрмек қабылдауды тоқтатқан жоқ.

Жаңа әдіс бойынша алдымен науқастарға жиі естілетін дауыстар компьютерлік бағдарламаға салынады. Мұнан кейін олардың көшірмесі жасалды. Дәрігерлер дәл сондай дауыспен басқа бөлмеде отырған науқаспен сөйлеседі. Бұл терапия бір жарым айға созылады екен. Нәтижесінде галюцинациялар азайып, науқастардың күйзеліске түсуі сирей бастаған.

Ал арада 12 апта өткеннен кейін 75 науқастың жетеуі түрлі дыбыстарды естімейтінін айтқан. Ал психиатрда емделгендердің ішінде тек екі адам галюцинациялардан арылған.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау-Атырау пойызының бригадирі толғағы қысқан жолаушыны вагонда босандырды

Асхат Садырбай: Мәйіт шығатын үй ас бермеуі керек

Назарбаев: Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді

Қазақстанда ер азаматтар әйелінің жатырын жалға беріп ақша тауып жүр

Талқылау