Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Шектен тыс тазалық баланың аққан ауруына шалдығуына алып келеді

Зерттеушілер құрамында ең көп тараған бактериялар мен вирустары бар балаларға арналған сусын әзірлеп жатыр. Бұл балалардың иммунитеті зиянды организмдермен күресуге үйренуі үшін жасалуда. Себебі бүгінгі таңда тазалық салдарынан балалардың иммундық жүйесі нашарлаған. Өз кезегінде ол аққан дертіне алып келеді екен.

Ғалымдар: Шектен тыс тазалық баланың аққан ауруына шалдығуына алып келеді

Бұл туралы VistaNews.ru басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Таяуда Лондондағы Қатерлі ісікті зерттеу институтының профессоры Мел Гривз мәлімдеме жасады. Ол аққан дертін өмір бойы зерттеп, таяуда қатерлі ісіктің аталған түрінің пайда болу себебін анықтаған.

Балалардың бойындағы аққан дертін 30 жыл бойы зерттеген Гривз аққанмен күресетін арнайы сусын дайындады. Заманауи дәрілерді ұзақ уақыт қабылдау түрлі жанама әсердің пайда болуына алып келеді. Ал Еуропада жыл сайын науқас балалардың саны 1 пайызға артуда.

Аққан дерті нәресте анасының құрсағында жатқан кезде пайда болатын мутация салдарынан туындайды. Мұндай бала міндетті түрде қатерлі дертке шалдықпайды. Мутация тек қатерлі ісікке шалдығу қатерін арттырады. Аурудің ерте жаста пайда болуының себебі – иммундық жүйенің жұмысының нашарлығы.

Ғалымның сөзінше, бүгінде ата-аналар үшін антисептикалық майлықтар, залалсыздандыратын құралдар мен бактерияға қарсы сабындарды қолдану қалыпты жағдайға айналған. Шектен тыс тазалық пен зарарсыздық баланың иммундық жүйесінің дұрыс дамуына мүмкіндік бермей, қатерлі ісіктің пайда болу қатерін арттырады.

Сонымен қатар ата-аналар балалардың қоғаммен мен микробтармен қарым-қатынасын шектейді. Нәтижесінде баланың организмі инфекциямен кезіккен кезде, созылмалы қабыну туындап, циткоин деп аталатын химиялық заттарды қанға бөліп шығарады.

Дәл осы циткоиндер аққан дертінің дамуына әкеп соғады.

Қатерлі ісік балалардың бойында туа бітті мутация, мұнан кейін иммунитет күресе алмайтын инфекция салдарынан пайда болады.

Нәтижесіне Гривз құрамында микробтар мен бактериялардың барлық түрі бар сусын дайындау туралы шешім қабылдаған. Ғалымның сөзінше, мұндай сусын аққан дертіне шалдыққан балалар санын азайтуы тиіс.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау