Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар шаштың түсуіне қарсы қуырылған картопты пайдалануды ұсынды

Ғалымдар шаштың түсуіне қарсы жаңа әдіс ойлап тапты. Олар қуырылған картопта болатын химиялық заттардың пайдасын айтты. Оның құрамында шаштың  түсуіне қарсы дәрумендердің анықталғаны  Metro басылымында жарияланды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жапон ғалымдары полидиэтилилоксан арқылы шаш талшықтарын  өсірді. Бұл затты картопты қуырған кезде қолданады. Оны тағам дайындағанда май көпірмес үшін, қуырылған картопқа қосады. Ол сондай-ақ өзі арқылы оттегін өткізеді. Бұл шаш фолликулаларының өсуі үшін де пайдалы.

Бұл тәжірибемен Йокогам университетінің профессоры Дзюндзи Фукуда айналысқан. Ол полидиэтилилоксана көмегімен бес мың эмбрион өсіруге болатынын айтты. Оны тышқандарға қолданғаннан кейін, оларда түктер өсе бастаған. Фукуданың айтуынша, дәрумендер салғаннан кейін жануарда «жаңа түктер өсіп шығады» екен. Тәжірибе барсында бұл әдісті  адамдарға қолданса, оң нәтиже беретіні дәлелденді.

Айта кетейік, 2017 жылдың қараша айында оңтүстік корея ғалымдары шаштың түсуіне қарсы дәрілік препарат жасаумен айналысқан.  Тышқандарға жүргізілген тәжірибеде 28 күн өткеннен кейін жануарлардың түктері қайтадан қалпына келе бастаған.

Жіберіп алмаңыз:

Бес тұяқты қозы желі оқырмандарын таңғалдырды

Модель пластикалық ота жасатамын деп мұрнынан айырылып қалды 

Қандай адамдар иттердің шабуылына жиі тап болады 

Екі жыл бойы тұзақта жатқан мысық құтқарылды 

 

Талқылау